"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін баһадүріміз, Ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов британдық Дшошуа Келлиді айқын басымдылықпен ұтты", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.
Үш раундта да қазақ боксшысы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Даниярға берді. Қорытынды есеп – 3:0 (30:27, 30:27, 30:27). Кездесу жерлесіміздің пайдасына шешілді.
Біздің анықтама:
Елеусінов Данияр Маратұлы
Туған күні: 13.03.1991
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Казаталовка ауданы, Березино ауылы
Бапкері: Әкесі - Елеусінов Марат
Жетістіктері: Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы, 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы, ҚР Кубогы - 2012 чемпионы, 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.