Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев алғашқы айқасын өткізіп, қарсыласына есе жіберді. Ол бірінші айналымда таиландық Чатчай Вутдимен кездескен.
Жекпе-жекке төрелік еткен бес қазы да жеңісті Қайраттың қарсыласына берді.
Еске сала кетейік, Қайрат Ерəлиев 2017 жылы бокстан əлем чемпионы атанған болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында ерлер арасындағы жарысқа жеті боксшы апарған.