11 шіл, 2018 сағат 10:27

"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды

Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыруды үш айға тоқтатуға шешім қабылдады.

РИА Новости хабарлағандай, биыл Ресей ғарыштан бес зымыран ұшырған екен. Естеріңізге сала кетсек, өткен сейсенбіде Байқоңырдан "Прогресс МС-09" жүк кемесі аттандырылып, қас қағым сәтте Халықаралық ғарыш станциясына жеткен болатын.

"Шілде, тамыз және қыркүйекте зымыран ұшырылмайды. Алдағы ұшыру қазан айына жоспарланған. "Союз МС-10" басқарылатын ғарыш кемесі 11 қазанда аттанбақ", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.

Жоспар бойынша, ХҒС-ға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хайг сапар шегуі тиіс.

Сонымен бірге, 31 қазанда "Прогресс МС-10" жүк кемесі ұшырылады. Әрі жыл соңында Мысырдың EgyptSat-A спутнигі, "Благовест" әскери аппараты және 20 желтоқсанда тағы бір басқарылатын кеме "Союз МС-11" аттандырылады.

sputniknews.kz