22 мам, 2018 сағат 11:41

Айгүл Құспан Қазақстанның Бельгиядағы елшісі болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Айгүл Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмас Насреддинұлы Хамзаев Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген хабарламада.

Айта кетсек, Айгүл Құспан бұған дейін Қазақстанның Франция, Австрия және Литвадағы елшіліктерінде жұмыс істеген. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментін басқарған.