© Sputnik / Алексей Мальгавко
Қазақстанда 83 жыл бұрынғы рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz cайты "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер биылғы ақпандағы ауа райы мәліметтерін ұсынды. Осы айда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа жоғары болған. Температуралық фонның рекорд көрсеткіштері ақпанның үшінші онкүндігінің басында байқалды.
Мәселен, Қарағанды облысында Балқаш метеостанциясында термометр бағаналары +3,1 градусқа жетті. Осылайша, 1940 жылғы рекорд жаңарып, ауа температурасы максимум +2,8 градусқа дейін көтерілген.
Сондай-ақ, 1978 жылы тірелген үш рекорд жаңарған:
- 22 ақпанда Қостанай облысында Арқалық метеостанциясында ауаның ең жоғары температурасы +3,5 градус болған, осылайша бұрынғы рекорд +3 градусқа жаңарған;
- сол күні Ақмола облысында Астана метеостанциясында ауа температурасы +4,8 градус болды (бұрын ол +2,7 градус болған);
- 23 ақпанда Павлодар облысында Павлодар метеостанциясында ауаның максимал температурасы +3,4 градус (бұрын +3 градус) болды.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен метеорологиялық станциясында 22 ақпанда +6,5 градусты көрсетіп, 1991 жылғы рекорд (+4,5 градус) жаңарған.
Осы күні Ұлытау облысында Жезқазған метеостанциясында ауа температурасы +4,3 градусқа дейін жылынып, 1999 жылғы рекорд жаңарған (+2,7 градус).
Бұл күні тағы бір рекорд Абай ауданында Семей метеорологиялық станциясында тіркелген: мұнда +5,3 градус байқалып, 1999 жылғы рекорд (+3,3 градус) жаңарған.
20 ақпанда Маңғыстау облысында, Ақтау метеостанциясында ауа температурасының +12 градус Цельсий деңгейі тіркеліп, 2002 жылғы рекордты (+11,1 градус) жаңартты.