25 мам, 2018 сағат 17:18

Синоптиктер бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады

Алдағы үш күнде Қазақстанға Баренц теңізі жақтан суық әрі ылғалды ауа массаларының ығысады. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты жел соғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, алдымен солтүстікте, ал дүйсенбі күні  шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы төмендей бастайды.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" РМК республиканың бірқатар облысында қатты жел соғып, бұршақ жауатынын ескертті.  

26-27 мамырда Ақмола облысында онтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с құрайды. Бұған қоса, найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. 

Ал 27 мамырда күндіз кейбір аудандарда нөсер жаңбыр жауады.

Астанада: 26-27 мамыр күндері бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, желдің екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Қостанай облысында: 26 мамырда кей жерлерде –  тұман, найзағай, дауыл, бұршақ болжанып отыр. 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысында: 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болжануда. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ, дауыл көтеріліп, бұршақ түсуі мүмкін.

27-28 мамырда Алматы облысы мен Алматы қаласында, 28 мамырда Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының өзендерінде нөсер жаңбырға  байланысты су тасуы мүмкін.