Сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізу мәселесін талқылау барысында Астананың 20 жылдық мерейтойына қанша ақша жұмсау жоспарланып отырғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде жалпы Астананың мерейтойы аясында 85 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оған 18 миллиард 800 миллион теңге бөлінді. Қаржы министрі бізге толықтай қолдау көрсетті. Осы іс-шараларды лайықты өткіземіз деп сенеміз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков депутаттарға.
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы өз кезегінде бұл қаражатты басқа дүниелерге жұмсау жөн болатынын айтты.
"Тапсырма бар. Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысты іс-шаралар жыл бойы өткізіліп, бүкіл өңірде атап өтіледі. Түрлі кештер өткізіледі. Іс-шаралар бір жыл бойы өтеді", - деп жауап берді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутатқа.