15 там, 2018 сағат 13:35

«Астана-Теміртау» күре жолы қыркүйек айынан бастап ақылы болады

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап сынақ режимінде «Астана-Теміртау» күре жолында жол жүру ақысы енгізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана-Теміртау» жолын қыркүйек айынан бастап сынақ режимінде енгізу жоспарланып отыр. Менің ойымша, ол бір тоқсан ішінде сынақ режимінде жұмыс істейді, содан кейін біз қарайтын боламыз. Қазіргі кезде төлем төленетін терминалдар орнатылып, жабдықтар жеткізілді», - деді  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз хатшысы Бауыржан Серікбаев. 

Айта кетейік, төрт жолақты жолдың ұзындығы 170 шақырымды құрайды. Транзиттік жеңіл автокөліктер үшін тариф 1 шақырымға - 1 теңге. Жолға жақын елді мекен тұрғындары үшін жеке тарифпен төленеді - жылдық құны 1000 теңге, деп қосты Бауыржан Серікбаев.

15 тоннадан асатын ауыр жүк көліктерінің тіркемелерімен, сондай-ақ жолаушылар автобустарының құны сынақ режимінен кейін анықталады.

Төлем әдістері: төлем нүктелерінде қолма-қол ақшамен төлеу; Qiwi терминалдары, касса 24; Интернет-төлем (payway.kz); банктік карточка; жеке шот (заңды тұлғалар үшін).