Қазахстандық режиссер Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі Ресейдің Орынбор қаласында өткен «Шығыс&Батыс. Классика мен Авангард» XI халықаралық фестивалінің бас жүлдесін иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" кинобизнес порталына сілтеме жасап.
Үздік режиссура жүлдесі «Ага» картинасын түсірген Миколо Лазаровке берілді. Үздік актер атағын режиссер Ханна Слактің (Словения) «Шахтер» фильмінде ойнаған Леон Лючев иеленді. Режиссер София Джаманың (Франция, Бельгия, Катар) «Сүйкімділерінде» ойнаған Лина Хоудри үздік актриса атанды.
«Әкеге қоңырау шалу» - 6 жасар баланың 25 жасқа толғанға дейінгі есею шағын, ата-анасымен түсініспеушілігін, сезімдері мен арпалыстары жайында баяндайтын терең иірімді драма.