Коллаж: turkystan.kz
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы
Баир Сиқымбаев із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Әлеуметтік желіде тараған хабарламаға сәйкес, Баир 2026 жылғы 24 наурызда
сағат шамамен 13:20-да Коперник көшесі, 114-үйден шыққан, сол кезден бері
байланыс жоқ.
Оның сипаттамасы: бойы 180-185 см, арықша келген, шашы қысқа қара, көзі
қоңыр, үстінде қара спорттық костюм болған.
Алматы Полиция департаменті ақпаратты растады. Медеу аудандық полиция
басқармасы іздестіру жұмыстарын бастап, кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.
