18 шіл, 2018 сағат 06:53

Студенттер көп қаржы жұмсамай-ақ алып тиін жасап шығарды (видео)

Алматы обылысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылында тағы бір алып тиін пайда болды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, аталмыш тиінді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері жасап шығарған.

Студенттердің бұл туындысы жақында ғана «Атакент» көрме орталығы алдында тұрғызылған "23 миллион теңгелік тиіннің" көшірмесі іспетті. Facebook желісінде жарияланған видеода студенттердің 23 миллион теңгені шығындамай-ақ тегін тиінді жасап шығарғандығы жазылған. 

Желіге тараған ақпаратқа сүйенсек, тиінді тұрғызуға кеткен қаржы - 230 000 теңге. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылауда.