Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жүлдесіз қалды.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ширек финал бәсекесінде әйелдер арасында 51 келіде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай тайпейлік спортшыдан жеңіліп, Азия ойындарын аяқтады.
Сонымен қатар, бүгін ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының жартылай финалына өтті. Әбілхан тайпейлік боксшымен кездесіп, қарсыласын екі рет есеңгіретті.
Жекпе-жек нәтижесі бойынша айқын басымдықпен жеңіске жеткен Әбілхан енді Азия ойындарының жартылай финалында жұдырықтасады. Әбілханның келесі қарсыласы - үндістандық Викас Кришан.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жарыс жолында үш боксшы қалғанын жариялаған болатынбыз.