Фото: Алматы әкімдігі
26 қаңтарда Алматы әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болады — қалаға FIFA World Cup түпнұсқа кубогы жеткізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік береді.
Трофей көрмесі Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық тур аясында өтеді. Іс-шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады.
Бұл оқиғаның бірегейлігі — трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат қана болуы. Сондықтан да бұл іс-шара қаламыз үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болып саналады.
