Фото: ru.dreamstime.com
Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан аумағының батыс бөлігінде төмен қысымның әсерінен тұрақсыз ауа райы болжанады.
Сондай-ақ, фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қатты қар, жаяу бұрқасын, 29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжануда.
"30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аяздан - 5 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.