28 сәу, 2023 сағат 17:10

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: © Sputnik / Евгений Биятов

Синоптиктер 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі; оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар тұрады.

"Кезең соңында солтүстік антициклон ығысып, Қазақстанның басым бөлігінде температура төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін аяз күтіледі, шығыста 1-10 градус аязға дейін төмендейді", - делінген синоптиктер мәліметінде.