© Sputnik / Абзал Калиев
9-11 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірқатар өңірде екпінді жел және көктайғақ құбылыстарымен бірге қар, қар аралас жауын-шашын болады.
9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
"Алдағы үш күнде республика бойынша тұман күтіледі. Республиканың басым бөлігінде температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.