Фото: pixabay.com
Синоптиктер 20-22 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер айқындайды. Жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауады.
20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанған. Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, республиканың оңтүстігінде дауыл соғады.
"Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Түнгі уақыттарда солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанған", - делінген хабарламада.