Фото: ИЗВЕСТИЯ/Константин Кокошкин
Қазгидромет синоптиктері 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, республиканың көп бөлігіне әлі де атмосфералық фронталь бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін.
"Атмосфералық қысым жоғарылауы кезеңнің басында Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлеріне әсерін сақтап, ауа райы құрғақ әрі ашық болуына ықпал етеді. Бұл ретте ауа температурасы әрі қарай да көтеріледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады", - делінген хабарламада.