фото: Елена Яковлева/РИА Верхневолжье
Синоптиктер 7-9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағы бойынша Атлантикалық циклон батыстан шығысқа қарай жылжиды. Ауа райының тұрақсыз сипаты қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, екпінді жел және көктайғақ құбылыстары байқалып, республиканың оңтүстігінде жаңбыр болады. Барлық кезең аралығында шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
"Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда елдің орталығында жауын-шашын тоқтайды деп болжанған. Сондай-ақ Республика бойынша тұман күтіледі. Кезең аяғында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температура фоны 7-17 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 5-12 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.