24 там, 2018 сағат 12:24

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 25-26 тамыз күндері еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жоғары циклонға байланысты белсенді бұлтты массив Қазақстанның солтүстік аудандарында орналасқан. Алдағы үш тәулікте осы циклоннан солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жаңбыр кезінде қатты дауылды жел соғып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік облыстарда сенбі және жексенбі күні кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың қалған аумағында - жауын-шашынсыз, ал ауа температурасы осы кезеңде орташа көп жылғы өлшем шамасында және кей жерлерде нормадан 2-4°С төмендейді.

25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді деп болжанады.

Петропавл қаласында 25 тамыз күні жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %