Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
9-11 тамыз аралығында Карск теңізі аудандарынан суық, ылғалды арктикалық ауа келеді. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында жаңбыр жауады. Ал 11 тамызда осы өңірлермен қоса еліміздің шығысында да жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде күн қатты күркірейді және екпінді жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік, орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 7-17 градусқа дейін салқындап, күндіз 15-23 градус жылы болады.
Республиканың қалған аумағында ауа температурасы бұрынғы қалпында сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. 11 тамызда еліміздің оңтүстігінде кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін.