06 там, 2018 сағат 11:19

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

7-9 тамыз аралығында республиканың басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады. Батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасы негізінен 27-35 градус аралығында сақталады. Оңтүстік және батыста 40 градусқа дейін көтеріледі.

9 тамызда Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр ауданынан салқын және ылғалды ауаның ауысып келуіне байланысты күн салқындай бастайды. Күндізгі ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді.