25 мау, 2018 сағат 10:43

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК өкілдері алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батысында ауа райы ыстық болып, қалған аумақта жауын-шашын болады.

"Қазақстанның солтүстік облыстарына жылжып келе жатқан жоғарғы циклон бұл аудандарға найзағайлы, кей жерлерде күшті жаңбыр, сондай-ақ, бұршақ жаудыртып, дауылды желдің күшеюін тудыратын болады. Бұл циклонның барийлік шұңқыры және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың орталық, шығыс және оңтүстігіне әсерін тигізеді. Мұнда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, күшті екпінді жел, кейбір аудандарда бұршақ күтіледі. Ауа температурасы климаттық нормаға жуық және 1-3 градусқа төмен, тек батыста атициклонның әсері сақталып, бұрынғысынша күндіз ауа 35…42 градусқа дейін жоғарылайды, бұл қалыпты нормадан 3…6 градусқа жоғары", - деп хабарлады синоптиктер.