Нұргүл Мауберлинова ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Саран педагогикалық училищесін (1992), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2006) тәмамдаған.
2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.
2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.
2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының қызметіне тағайындалды.