29 мам, 2021 сағат 22:04

ӘЧ-2021: Қазақстан құрамасы ең нәтижелі командалардың үштігіне енді


Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты Ригада өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен командалардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. сайты.

Қазақстан күтпеген жерден ең нәтижелі командалардың үштігіне енді. Құрама өзінің мүмкіндіктерін мүлт жібермеген командалар кестесінде Германиядан кейін екінші орынға тұрақтады. 

Қазақстандықтар турнирдегі 6 ойында қарсыластарына 149 соққы жасап, олардың 21-і қақпа ішінен табылды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасының пайыздық көрсеткіші 14.09 болды, Германиянікі - 14.29. Мысал ретінде алғанда АҚШ-тікі — 9.92 болса, Ресей соққыларының 11.63 пайызын дәл көздеді. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы Италияны 11:3 ойсырата жеңіп, В тобында көш бастады.