Танымал Rhe Ring басылымы қазіргі таңда орташа салмақтағы ең мықты боксшыны анықтау үшін 24 сарапшы арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Комиссия құрамына әр саланың мамандары кірді. Олардың арасында бұрынғы боксшылар (Келли Павлик, Джерри Куни, Пол Малиньяджи), бапкерлер (Тедди Атлас, Пэт Бернс), журналистер мен телесарапшылар (Эл Бернштейн, Харольд Ледерман, Брайан Кенни, Дэн Рафаэль, Рон Борхес, Норм Фрауэнхайм, Майкл Розенталь, Том Джербази, Рэнди Гордон, сондай-ақ, танымал ринг-аннонсер Майкл Баффер) және матчмейкерлер (Брюс Трэмплер, Рассель Пельц, Рон Катц, Майк Марчионте, Эрик Боттжер, Брэд мен Бобби Гудмандар, Дон Элбаум және Крейг Хамильтон) болды.
Талдаушылар Геннадий Головкиннің, Сауль Альварестің, Деметриус Эндрейдтің, Дэниэл Джейкобстың, Билли Джо Сондерстің, Сергей Деревянченконың және Джермалл Чарлоның қатысуымен өткен орташа салмақтылардың болжалды турнирлерінің жекпе-жектерінің қорытындыларын талдауды ұсынды. Барлығы 21 жекпе-жек. Әр болжалды жекпе-жек үшін боксшыға 1 балдан қосылды, тең түссе - 0,5 балл.
Дауыс беру нәтижесінде Головкин жеңіске жетті. 19 сарапшы оның «Канелоны» жеңетініне сеніп дауыс берді, Чарломен өткен жекпе-жектің болжалды жеңісінің балы - 18,5; Джейкобспен - 16, Эндрейдпен - 22, Сондерспен - 21,5, Деревянченкомен - 23ті құрады. Нәтижесінде GGG мүмкін 144 балдан 120 балл жинады.
Төменгі орындар мынадай:
2. Сауль Альварес - 101
3. Джермалл Чарло - 80
4. Дэниэл Джейкобс - 74
5. Деметриус Эндрейд - 53,5
6. Билли Джо Сондерс - 48,5