Алматыда құтқарушылар ірі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Өрттің Астана уақыты бойынша сағат 10.46-да ауыздықталғаны айтылады.
"Өрттің аумағы - 17 380 шаршы метр. Тікұшақтың көмегімен 44 рет су құйылды. Өрт 132 тонна судың көмегімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Құлжа тасжолында қоймалардың өртеніп жатқаны хабарланған болатын. Өрт 28 маусымда шамамен таңғы сағат 06.00-де басталған. Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Қайрат ықшамауданы, Тәттімбетов көшесі, № 282 үйдегі қойма ғимараттарынан өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ангарлық типтегі қоймалардан өрт шыққан еді.