16 сәу, 2018 сағат 09:46

АҚШ Ресейге Асадты қолдағаны үшін санкция салмақ (Видео)

Вашингтон 16 cәуірде Сириядағы жағдайға байланысты "Асад қолдаушылары" - Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкцияларды жариялайды. Бұл туралы БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News басылымына берген сұхбатында айтты.

"Қаржы министрі Стивен Мнучин дүйсенбіде санкцияларды жариялайды. Бұл санкциялар Асадқа қатысы бар және химиялық қару пайдаланған барлық компанияға қолданылады. Мұны барлығы сезеді деп те ойлаймын. Меніңше, барлығына нақты бір сигнал беріп отырғанымыз белгілі. Санкцияларды барлығын қабылдайды деп сенеміз", - деп келтіреді ИноТВ телеарнасы Никки Хейлидің сөзін.


Сондай-ақ, БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі барлық дипломатиялық шараның қаралып бітуіне байланысты АҚШ-тың Сирияға қатысты соққы жасау туралы шешім қабылдағанын айтты.

"(...) Асад химиялық қаруды бірнеше рет қолданды. Бірақ ең басты себеп - біз осыған дейін түрлі алты резолюция ұсындық. Яғни, химиялық қаруды қолдану бойынша. Сондықтан ендігі кезекте біз қолымызда бар дипломатиялық шаралардың барлығын қолданып, осылай әрекет етуді жөн көрдік", - деді Никки Хейли.

Федерация кеңесінің өкілдері АҚШ-тың Ресейге қатысты жаңа санкциялары жылына кем дегенде тағы бес рет енгізіледі.