#
#
Жұма 24/03/2017

Харуки Муракамидің жаңа кітабы қалай аталмақ?..

  • 10.01.2017
  • 0
  • 215

- Жапон жазушысы Харуки Муракамидің жаңа кітабы Killing commendatore («Командордың өлімі») деп аталады. Жұртшылық көп күткен туынды Shinchosha Publishing баспасынан шығады.

Аталған баспадан Муракамидің бес кітабы шығарылған. Олар: «Ғажайыпқа толы тынымсыз мемлекет және Ақырзаман», «Зауыт құстарының өмірі», «1Q84», «Құдайдың барлық пенделері билей алады» әңгімелер жинағы және Uten Enten жолжазбалары, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" .

Жазушы бұған дейін 13 кітап шығарған. Соңғы рет ол «Түссіз Цкуру Тадзаки және оның саяхатпен өткізген жылдары» романын жазған. 2013 жылы шыққан бұл туынды Күншығыс елінде бір жыл ішінде ең көп сатылған кітап болды.

Айта кетейік, Харуки Мураками - әлемге танымал жапон жазушыларының бірі. Ол бірнеше рет «Нобель» сыйлығына үміткер болған.   

0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР