14 нау, 2023 сағат 11:46

ҰҚК шекарадан ірі көлемде есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 наурызда шекара наряды Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағындағы "Жібек жолы" өткізу пунктінде шетелдіктің басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан.

"Көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес жарияланбайды.