27 нау, 2023 сағат 14:59

ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

Сурет: gov.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операция нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚК қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.

Кезең-кезеңімен есірткі тасымалдаудың жолдары және айламен әкелу схемалары анықталды. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткі өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды" - делінген хабарламада.

Материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.