Елдің жер сілкінісінен зардап шеккен аймағына сапары кезінде Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның көз алдында өрт тұтанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты AHABER басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы күшті жер сілкінісінен кейін Түркияның Кахраманмараш қаласына ресми сапармен келген.
Өрт министр шатырлар алдында медицина қызметкерлерімен сөйлесіп тұрған кезде тұтанғаны атап өтілді. Түрік ақпарат құралдары мәліметінше, министрдің денсаулығы жақсы. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.