18 нау, 2023 сағат 12:42

Түркістанда браконьерлерден 160 келі балық тәркіленді

Фото: Polisia.kz

Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмән туғызған Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген. 

Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды. Сондай-ақ, күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді" - делінген хабарламада.

Бұл дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.