© Photo: Pexels / Tima Miroshnichenko
Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.
Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданған әйел өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп арыз түсірген.
"Аталған жайт бойынша жедел тергеу тобы оқиға орнында барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.
Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл жайт Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында", - деді Түркістан облысының полиция департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі Бақтияр Тастанов.