© Sputnik / Ксения Воронина
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция майоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен өзінің лауазымдық өкілеттігін ұштастыру арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатамын деп, оның ақшалай қаражатын иемденіп алған Түркістан облысы полиция департаментінің аға криминалисті, полиция майорын әшкерледі.
Кәніні толық мойындауына байланысты полиция қызметкеріне қамауға алу шарасы қолданылған жоқ», - деп жазды Ерғарин.