"Тұлпар-Тальгоның" сегіз бағыттағы жүрдек пойыздарының билеті 50 пайызға арзандайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Көктемгі жеңілдіктер 11 сәуір мен 31 мамыр аралығында жасалады. Тек 27 сәуір мен 1 мамыр және 4-9 мамыр аралығында арзан билеттер қарастырылмаған.
Жолаушылар сегіз бағыт бойынша жүретін пойыздардың билетін 10-нан 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады: "Алматы – Атырау" №035/036, "Алматы — Өскемен" №045/046, "Алматы – Орал" №049/050, "Астана – Қызылорда" №089/090, "Астана — Орал" №095/096, "Ақтөбе – Астана" №097/098, "Алматы – Астана" №701/702 және "Шымкент – Астана" №709/710.
Бұдан бөлек, 45 тәулікке дейін билетті алдын ала сатып алған адамға 35 пайыз жеңілдік бар.
Осылайша, жаңа көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, жолаушылар 11 сәуірден бастап 50 пайыз арзан бағаға билет сатып ала алады.