04 сәу, 2018 сағат 13:22

Трамп Назарбаевқа қандай сыйлық жасады?

АҚШ президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ-қа сапарынан естелік ретінде гольфке арналған таяқша сыйлаған. Экспонат қазіргі уақытта Елбасының кітапханасында сақтаулы тұр.

Дональд Трамптың АҚШ-тың басқа да бұрынғы президенттері сияқты гольф ойнағанды жақсы көретіні айтылады.


Айта кетейік, елімізде гольф ойының қанат жайғанына 20 жылдан аса уақыт болды. Жыл сайын Алматы шаһарында халықаралық турнирлер өтіп тұрады. Қатысушылардың саны да уақыт өте артып жатыр.


Cондай-ақ, Елбасының кітапханасында Билл Клинтон 1997 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Әбішұлына сыйлаған гольф доптары сақтаулы тұрғаны айтылады.