Фото: ашық дереккөз
Астанада жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 жастағы жасөспірім ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ult.kz.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 11 мамыр күні болған. Мектеп оқушысы бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп шығып, жолдан өтпек болған сәтте оны Renault көлігі қағып кеткен.
Жол апатынан кейін жасөспірім шұғыл түрде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Мамандар жол қозғалысы ережелерін сақтамау мұндай қайғылы жағдайларға әкелетінін ескертіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін елордада аула ішінде кішкентай баланы көлік қағып кету дерегі тіркелген болатын.
