Фото: CNN
Алматыда екі адам TikTok арқылы қолданушылардан ақша алып, онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, - деп "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
"Алматы тұрғындары «TikTok» әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған.
ҚМА қалалық департаменті өкілдері әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында олардың әлеуметтік желіде 4 ай бойы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық ақша алғаны дәлелденді.
Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды" - делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарап жатыр.