Фото: ҰҚК
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару операциясын жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
ҰҚК мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері шетелден комитеттің арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт қазақстандық елге жеткізілген.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған азаматтар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген. Олар ҰҚК-нің іздестіру шаралары аясында ұсталған.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тиісті қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтердің жария етілмейтінін атап өтті.
