Фото: Видеодан алынған скрин
Алматыда есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды. Күдіктілердің бір-біріне туыс үш азамат екені анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында олардың заңсыз есірткі айналымымен айналысқаны белгілі болған. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер өзара міндеттерді бөлісіп, ұйымдасқан түрде әрекет еткен.
Тінту кезінде күдіктілерден синтетикалық және өсімдік тектес есірткі заттары салынған түйіншектер тәркіленді. Сонымен қатар есірткіні өлшеп, орауға арналған электронды таразылар, қаптама материалдары және сатуға қажетті басқа да құралдар табылған.
Полицияның хабарлауынша, тәркіленген есірткі көлемі аса ірі мөлшерге жатады. Барлық зат сот сараптамасына жіберілді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары Алматы аумағында есірткі жасыру үшін алдын ала дайындалған бірнеше жасырын орынды анықтады.
