Фото: ia-centr.ru
Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тараз қаласы №2 сотының үкімі бойынша, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған.
"Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған", - делінген хабарламада.