17 сәу, 2023 сағат 16:35

Танымал блогер Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде есірткімен ұсталды


Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде танымал блогер есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, өткен демалыс күндері Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде полицияның арнайы жасағы мен ЕҚқКБ-ның жедел қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізген. Оны қалалық прокуратура “Есірткі бизнесімен күрес” жобасы аясында үйлестірген.

"Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон психоактивті заты. Шөптің нақты тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр", – дейді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.


ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.