сурет ашық дереккөзден алынды
Талдықорғанда Алматы және Жетісу облыстарында әрекет еткен қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Талдықорған қалалық сотында қаржы пирамидасын құру және басқару туралы қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-ны 217-бабы, 3-бөлігі). Облыс тұрғыны 2018 жылы Q халықаралық компаниясы сайтында тіркеліп, тәуелсіз өкіл сертификатын алған.
2019 жылғы қазаннан бастап Жетісу және Алматы облыстары аумағында қатысушыларды қаржылық пирамидаға тартып, Q-да тіркелу үшін 690-нан 860 мың теңгеге дейін жарна салуды талап етеді. Сонымен қатар, қатысушыларға аптасына 200 доллар төлеуге уәде берілді. Дивидендтер шынымен де қаржылық пирамидаға жаңадан қосылған қатысушылардан төленген.
Пирамидаға барлығы 76 азамат тіркеліп, қатысушылардың жалпы шығыны 61 миллион теңге болған.
Сот жаза тағайындау кезінде асырауында екі кәмелетке толмаған баласының болуы, бірінші рет қылмыс жасауы және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескереді. Сотталушы кінәлі деп танылып, оған алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылған.