30 сәу, 2023 сағат 09:43

Талдықорғанда бір топ бала төбелес шығарған


Әлеуметтік желіде Талдықорғанда бір топ бала қатарласын соққыға жығып жатқан сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"Талдықорған қаласы. Бір топ бала жасөспірімді ұрып жатқаны түсірілген тағы бір видео келді. Біз полициядан шара қолдануын сұраймыз. Тыныш кетіп бара жатқан адамды ұрып кеткен деп жатыр", - делінген әлеуметтік желіде тараған видеода.

"Жасөспірімдер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағында болған. Оған қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Олар жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туылған оқушылары болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімінде "Бұзақылық" көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды" - делінген ПД хабарламасында.