2 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің тек оңтүстік-шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел күшейіп бұрқасын соғады.
Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, шаңды дауыл соғады.
Атырау облысында күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетіп, жаяу бұрқасын соғады.