15 шіл, 2022 сағат 14:12

Аrtsport платформасындағы ұрлық фактілерінің жолы кесілді - Антикор


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Аrtsport платформасына қатысты ұрлық деректерінің жолын кесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және биыл өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып, Аrtsport платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында Аrtsport ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі дерегі бар", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексеріліп жатыр.

Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Артспорт" жобасының жүзеге асырылуын сынға алған болатын.