18 мам, 2026 сағат 14:22

Атыраудағы қанды іс: алдын ала тыңдау басталды


Фото: ашық дереккөз


Атырау қаласында төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тергеу нұсқасын жария етті. Тергеу дерегінше, Сұлтан Сәрсемәлиев оқиға күні күндіз үйіне келген. Сол кезде үйде оның әйелі Ақбаян, кәмелетке толмаған баласы және әйелінің әпкесі Мейрамгүл Қарабалина болған.


Тараптар арасында тұрмыстық мәселелер мен азық-түлікке қатысты жанжал туындап, ол ушыға түскен. Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжал барысында Қарабалинаға пышақ жарақаты салынған. Кейін күдікті қылмыс іздерін жасыруға әрекет жасағаны айтылды.


Бұдан бөлек, іс аясында «ұрлық» және «алаяқтық» баптары бойынша қосымша қылмыстық істер тіркелген.

Аталған іс қоғамда кең резонанс тудырған. Сот отырысына марқұмдардың туыстары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып жатыр.