15 мам, 2026 сағат 18:38

Астанада 80 мың теңге үшін ер адам ұрлағандар ұсталды


Фото: 24.kz


Астанада 80 мың теңге үшін ер адамды ұрлап, күш қолданған алты адам сотталды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.


Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылдың 9 желтоқсанында қылмыстық топтың бір мүшесі көрсетілмеген қызмет үшін жәбірленушіден ақша талап еткен. Ол ер адамға күш қолданып, 80 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.


Осыдан кейін алдын ала сөз байласқан топ жәбірленушіні күтіп, Астана аумағында ұрлап әкеткен.


Сот үкімімен бес айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы бір адам адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға сотталды.