Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында қарағайлар өртеніп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен «Семей орманы» табиғи резерватының 73 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар қызыл жалынды ауыздықтауға МИ-2 тікұшағы мен ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің су шашатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылған. Орман өртінен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы +30 градус ыстық. Бұған қоса батыстан екпіні 10 метр, кейде 14 метрге жететін жел соғып тұр.